Басты бетке Жаңалықтар Фотоальбом Сайт картасы Кеден калькуляторы Сенім телефондары Мемлекеттік рәміздер
Басты
КБД - ның құрлымы
КБД - ның бастықтары
Қызмет нәтижесі
Мем.сатып алулар
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет

Саяси өмір

Сайт бойынша іздеу 



Сауалдар

Ақпараттық технологиялар
Кедендік калькуляторы

Форум

ШҚО кеден органдарының тарихы
Бағалы ақпарат

Байланыстары

(7232) 24 58 60
24 06 05
Өскемен қ., Новаторлар к.,7/2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ресми сайты.

 
Жаңалықтар
 
Барлық жаңалықтар

 

26.08.2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Бақты» кеден бекетінде жануарларға арналған жемшөп қоспасының (метионин) ірі экономикалық контрабандасы анықталды. Контрабандалық тауардың жалпы құны 14 миллион теңге шамасында. Аталған факт ШҚО бойынша КБД контрабандаға қарсы күрес жөніндегі басқарма қызметкерлерінің және аталған бекеттің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде анықталды. Жартылай тіркемесі бар  «Iveko» маркалы жүк автокөлігін кедендік тексеріп қарау кезінде жүк кедендік декларациясында көрсетілген «полистерен» тауарының орнына мүлде басқа тауар тиелгені анықталды. «POLYSTYRENE»  деген жазуы бар 790 мөшектің ішінде    «DL METHIONE» деген жазуы бар, басқа тауар жасырылғаны анықталды. Табылған тауар (метионин) тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлар тізімінде, яғни сыртқы экономикалық қызметке қатысушыда аталған тауарды ҚР аумағына әкелу үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органнан алынған лицензия болуы тиіс еді. Бұл  құжат Семей қаласының жеке кәсіпкерінде болмағандықтан, ол кедендік декларацияда басқа тауарды көрсетіп, метионинді заңсыз жолмен әкелмек болған, алайда оның ойы іске аспады. ШҚО бойынша КБД кедендік кірістер басқармасы есебіне сәйкес контрабандалық тауардың кедендік құны 13 654 684 теңгені құрайды. Төленбеген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасы 2 413 742 теңге.Осы факт бойынша ҚР-ның қылмыстық кодексінің 209-бап, 2-бөлім «г» тармағында (аса ірі мөлшердегі экономикалық контрабанда) қаралған қылмыстық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.


13.08.10 жылы Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері ірі көлемдегі героинмен Қырғызстанның азаматын ұстады.Есірткі затты «Уба» кеден бекетінде ШҚО бойынша КБД контрабандаға қарсы күрес басқармасының және кеден бекетінің қызметкерлері тапты. «Уба» кеден бекетінің автоөткелінде «Ырысты» атты қызметтік іздестіру ітті пайдаланумен Қырғызстан Республикасының азаматы басқаруындағы «Хундай Старекс» маркалы автокөлікті тексеру кезінде тюль орамы ішінен скотч лентасымен оралған ақшыл-сарғыш түсті, өзіндік  иісі бар, кесектәріздес заты бар 2 дана полимер пакеттері табылды. Жолаушылары бар бұл автокөлік Қырғызстан Республикасының Ош қаласынан Ресей Федерациясының Новосібір қаласына бара жатқан. Соттық-химиялық сараптама қорытындсына сәйкес, тәлкіленген зат – героин есірткі заты болып шықты.  Героиннің жалпы салмағы 873,95 грамм. Аталған факті бойынша Қырғызстан азаматына қатысты ҚР ҚК 250-бабы, 4-бөлігімен және ҚР ҚК 259-бабы, 3-бөлігі «в» тармағымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.


27.07.10 жылы ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінде  ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің ішкі порталы арқылы  Кеден одағы тақырыбы бойынша «он-лайн» режимде бейне-семинар өткізілді.Департаменттің жеке құрамы бірінші  дәрісті локальдік желіге, проекторге,  күшейткішке және стереогарнитурасы бар веб-камераға қосылған  компьютермен жабдықталған конференц-залда тыңдады.    Дәрісті оқыған – ҚР  ҚМ Кедендік бақылау комитетінің қызметкері.Аталған семинарлар ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен алғаш рет өткізілуде. Он күннің ішінде бұл бейне-семинарларда Кеден одағы және Қазақстан Республикасы кедендік заңнамасы бойынша мәселелер қаралады. Қазіргі уақытта бейне-семинарларды өткізудің нұсқаулығы және кестесі әзірленіп, жауапты тұлғалар белгіленді. Бейне семинарға  брокерлер, жеке тұлғалар және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар  қатыса алады. Дәріс аяқталғаннан кейін дәріскер туындаған сұрақтарға жауап береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының кеден заңнамасының нормаларын, Кеден одағы комиссиясымен қабылданған шешімдерді және келісімдерді түсіндіру мақсатында 9.00-ден 19.00-ге дейін 8-(7172)-79-45-09 және 8-(7172)-79-45-22 телефондары бойынша, сағат 19.00-ден 9.00-ге дейін 8-(7172)-79-45-27 және 8-(7172)-79-46-97 телефондары бойынша жұмыс істейтін «Call Centre» жұмысын ұйымдастырды.Осындай «Call Centre» ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінде де ашылды. Кеден одағының кеден кодексіне қатысты туындаған сұрақтар бойынша  күндіз сағат 09.00-18.30 аралығында 8 (7232) 57-79-46, тәулік бойы 8 (7232) 24-06-05 телефондары арқылы хабарласуға болады.


1 - 2 - 3 - 4 - 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 - 12

     
Қаз / Рус
Ауарайы

ШҚО 

-12
Астана -7
Алматы +5

Пайдалы сілтемелер

Кеден заңнамасы

СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат

Жеке тұлғалар үшін ақпарат

Сыртқы сауда статистикасы

Құқық қорғау қызметі

Кеден ісі саласымен көрсетілетін қызметтер

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті

Павлодар облысы бойынша КБД

ОҚО бойынша КБД

Қарағанды облысы бойынша КБД

ШҚО әкімінің ресми сайты

 

Валюта бағамы

АҚШ доллары 147.36
Еуро 198.71
Ресей рублі 4.91

 

 

 

 

 

 

 

© 2009 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімі"
 Барлық құқықтары қорғалған.