|
28.06.10
жылы
Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың назарына!Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының кеден
заңнамасының нормаларын, Кеден одағы комиссиясымен қабылданған шешімдерді және
келісімдерді түсіндіру мақсатында «Call Centre» жұмысын ұйымдастырды.Сіздерді
қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша «Call Centre»-ге хабарласуларыңызды
сұраймыз. «Call Centre» жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін
8-(7172)-79-45-09 и 8-(7172)-79-45-22 телефондары бойынша.Сағат 19.00-ден
9.00-ге дейін 8-(7172)-79-45-27 и 8-(7172)-79-46-97 телефондары бойынша.
21.06.10
жылы Шығыс
Қазақстан облысының кеденшілері ірі көлемдегі героинмен Тәжікстанның екі
азаматын ұстады.Есірткі зат ШҚО бойынша КБД-ның контрабандаға қарсы күрес
басқармасы қызметкерлері «Жекки» атты қызметтік іздестіру итін қолдана отырып
«Ауыл» кеден бекетінде РФ-ның Красноярск қаласына кетіп бара жатқан жолаушы
автобусын кедендік бақылау кезінде табылды. Тәжікстан Республикасының азаматтары,
осы автобустың екі жолаушыларының аяқ киімінің оң және сол ұлтарағының астынан
мөлдір жапсырма таспамен оралған, өзіндік иісі бар, қоңыр-сары түсті зат табылды.
Сондай-ақ олардың біреуінің сөмкесінен ұлтарақтың астында дәл осындай зат
тығылған тағы бір жұп жазғы аяқ киім табылды. Соттық-химиялық сараптама
қорытындсына сәйкес, тәлкіленген зат – героин есірткі заты болып шықты.
Героиннің жалпы салмағы 1 кг.552 грам. Аталған факті бойынша Тәжікістан
азаматтарына қатысты ҚР ҚК 250-бабы, 4-бөлігімен және ҚР ҚК 259-бабы, 3-бөлігі
«в» тармағымен қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.
15.06.10
жылы
Құрметті СЭҚ-қа қатысушылар!Сіздерге ҚР
Кеден кодексінің 381-бабы 3-тармағына сәйкес есепке алу үшін табыс етілетін
құжаттардағы мәліметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген мәліметтерді
растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын
берген кеден органына күнтізбелік он бес күн ішінде табыс етуге міндетті
екенін хабарлаймыз.
Банк шоттары нөмірлерінің өзгеруін есепке ала отырып, Сіздерден кеден заңнамасын
орындау және әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында қажетті
құжаттарды уақытында ұсынуларыңызды сұраймыз.
Құрметпен,ШҚО бойынша КБД «Өскемен-КРО» кеден бекеті
02.06.10
ж
ШҚО
бойынша КБД «Железнодорожный» кеден бекетінің қызметкерлері жалпы құны 880 000
теңге болатын түбіт шәлілерді шекарадан заңсыз жолмен өткізу фактісін анықтады.Жастық
пен матрас тыс қаптарына жасырылған ақ және қара түсті 189 дана шәліні
«Железнодорожный» кеден бекетінің қызметкерлері «Ауыл» стансасында
«Тәшкент-Новосібір» бағытындағы жолаушы пойызына кедендік бақылау жүргізу
барысында тапты. Тексеру барысында тауардың иесі осы вагонның жол серігі екені
анықталды. Ол өзінің «қызмет бабын» пайдаланып осы түбіт шәлілерді заңсыз жолмен
Қазақстаннан шығарып Ресей Федерациясының Новосібір қаласында сатуды көздегенін
мойындады. Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарлардың жалпы құны 880 000
теңгені құрайды. Аталған факті бойынша сот үкімімен тауар иесінен 10 АЕК (14 130
теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы қаулы шығарылып, оның
тауары мемлекет пайдасына тәркіленді.Жалпы, үстіміздегі жылдың мамыр айында
«Железнодорожный» кеден бекетінің қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық
белгілерімен 7 іс қозғады. Олардың 3-і сотта, ал 4 іс кеден органдарымен
қаралды. Аталған фактілер бойынша 72 063 тенге айыппұл есептелініп, құны
1 138 135 теңге сомасындағы тауарлар тәркіленді.
1 -
2
-
3
-
4 -
5 -
6
-
7
-
8 -
9
-
10 -
11 -
12
|