Басты бетке Жаңалықтар Фотоальбом Сайт картасы Кеден калькуляторы Сенім телефондары Мемлекеттік рәміздер
Басты
КБД - ның құрлымы
КБД - ның бастықтары
Қызмет нәтижесі
Мем.сатып алулар
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет

Саяси өмір

Сайт бойынша іздеу 



Сауалдар

Ақпараттық технологиялар
Кедендік калькуляторы

Форум

ШҚО кеден органдарының тарихы
Бағалы ақпарат

Байланыстары

(7232) 24 58 60
24 06 05
Өскемен қ., Новаторлар к.,7/2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ресми сайты.

 
Жаңалықтар
 
Барлық жаңалықтар

13.04.10 г Шығысқазақстандық кеденшілер 2010 жылдың басынан бері жалпы салмағы 486 кг болатын темекі контрабандасының 3 фактісін әшкереледі.Кеден шекарасынан темекіні заңсыз өткізудің екі фактісін «Железнодорожный» кеден бекетінің қызметкерлері Ауыл стансасында «Ташкент-Новосібір» бағытындағы жолаушылар пойызына кедендік бақылау жүргізу барысында анықтады. Біріншісінде пойыз жолаушысы, екінші жағдайда пойыздың жолсерігі кедендік бақылаудан жасырып, жалпы салмағы 445 кг болатын шайнайтын темекі өткізбек болған. Маманның қорытындысына сәйкес  ұсталған тауардың құны 756 500 теңгені құрады.Үшінші факті «Бішкек-Новосібір» бағытындағы жолаушылар пойызына кедендік бақылау жүргізу кезінде анықталды. Өзбекстан азаматы кеден шекарасынан құны 38 950 теңге болатын 41 кг осындай  темекіні заңсыз жолмен өткізбек болған. Барлық жағдайларды аталған темекі Нөвосібір қаласында сату үшін тасымалданған.Сот қаулысымен осы азаматтардың үшеуі де әкімшілік жауапкершлікке тартылды. Әрқайсысы 10 АЕК мөлшерінде (14 130 тенге) айыппұл төлеп, жалпы құны 795 450 теңге болатын тауар мемлекет пайдасына тәркіленді.  


09.04.10 жыл ШҚО бойынша КБД «Железнодорожный» кеден бекетінде шекарадан жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жуық заңсыз тауар өткізудің 3 фактісі анықталды.Кедендік бақылаудан жасырылған тауарлар «Алматы-Новосібір» бағытындағы жолаушы пойызынан табылды. Кеден бекеті және ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлері пойызға кедендік бақылау жүргізу барысында №12 және №14 вагондардан халық тұтынатын тауарларының - жалпы саны 228 дана әйелдер джинсалары және 330 дана спорт костюмдерінің  жасырын  тасымалданып бара жатқандары анықталды. Аталған тауарларды  1991 ж.т.Қыргызстан азаматы, , 1989 ж.т. РФ азаматы  және  1986 ж.т. Өзбекстан   азаматы Новосібір қаласында сату үшін ҚР шекарасынан заңсыз жолмен  алып өтпек болған.Сараптама қорытындысы бойынша ұсталған тауарлардың жалпы құны 1448600 теңгені құрайды.Аталған фактілір бойынша сот үкімімен «жас кәсіпкерлердің»  әрқайсысынан 15 АЕК (21 195  теңге) мөлшерінде әкімшілік айыппұл өндіріп алу туралы қаулы шығарылып, олардың тауарлары    мемлекет пайдасына тәркіленді.


Қазақстан-ресей бірлескен кедендік бақылау жүргізу эксперименті 2010 жылғы 9 сәуірден қазақстан-ресей шекарасының барлық автокөлік өткізу пункттерінде жүзеге асырыла бастады.Бірлескен кедендік бақылау жүргізу эксперименті Қостанай облысында бастау алған және оның алғашқы нәтижелері 2008 жылы Ақтөбеде өткен іргелес өңірлердің форумында екі елдің президенттеріне көрсетілген. Тәжірибе оң нәтиже бергендіктен, РФ Федералдық кеден қызметі және ҚР Кедендік бақылау комитеті осы істі 2009 жылғы 20 сәуірден бастап Қазақстан мен Ресейдің басқа да бірыңғай бақылау-өткізу пунктерінде жалғастыру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл эксперимент біздің облысымызда бастапқыда «Ауыл» (ШҚО) - « Веселоярск» (Алтай аймағы) автокөлік өткізу пунктерінде басталса, 26 қазаннан «Қоянбай» (ШҚО)  және «Малиновое озеро» (Алтай аймағы)  пунктерінде  жүргізіле бастады.РФ Федералдық кеден қызметі және ҚР Кедендік бақылау комитеті арасындағы келісімге сәйкес аталған эксперимент  2010 жылғы 9 сәуірден 2010 жылғы 9 желтоқсанға дейін қазақстан-ресей шекарасындағы барлық автокөлік өткізу пункттерінде жүзеге асырылатын болды.ҚР және РФ кеден қызметтері атап өткендей, алғашқы нәтижелер экспериментің тиімділігін дәлелдеді.  Атап айтқанда, кедендік тексеруден өту  уақыты айтарлықтай  қысқарып, автокөлік пунктерінің өткізу мүмкіндігі жоғарылады. Бұл, әсіресе, жаз уақытында маңызды, себебі осы кезеңде көліктер саны көбейеді. Бір көлік құралын тексеру орташа есеппен 30 минуттан 1,5 сағатқа дейін созылады. Әр тәулік сайын ақпарат алмасып отыру кірген, шыққандардың санын бақылап, кеден органдарымен қолданылатын кедендік бақылау түрлерін жетілдіруге мүмкіндік береді.Эксперимент адамдарды, тауарларды және көлік құралдарын өткізудің уақытша технологиялық сызбасына негізделіп жүзеге асырылады. Жеке тұлға кедендік шекарадан өткенде 2 данада жолаушының кедендік декларациясын толтырады. Ресімделген жолаушының кедендік декларациясының екеуі де  іргелес кеден органының қызметкерлеріне ұсынылуы үшін жеке тұлғаның өзіне беріледі. ҚР және РФ кеденшілері іргелес өткізу пункттерінде ресімделген жолаушының кедендік декларациясының екі данасын жеке тұлғаның ақшалай қаражатын және дүние-мүлкін декларациялағанын дәлелдейтін құжат ретінде мойындап, қабылдайды. Бұл ретте ресімделген жолаушының кедендік декларациясының біреуі жеке тұлғаның өзінде, ал екіншісі кеден органында қалады. Тауар және көлік құралдарын шығару кезінде тексеріп қарау тек кеден заңнамасының бұзылуы туралы нақты ақпарат болғанда ғана жүргізіледі. Тауарларды әкелуде кеден органдары кедендік ресімдеуді және тауарларды кедендік бақылауды әкелінетін елдің кедендік заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.    

1 - 2 - 3 - 4 - 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 - 12 

     
Қаз / Рус
Ауарайы

ШҚО 

-12
Астана -7
Алматы +5

Пайдалы сілтемелер

Кеден заңнамасы

СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат

Жеке тұлғалар үшін ақпарат

Сыртқы сауда статистикасы

Құқық қорғау қызметі

Кеден ісі саласымен көрсетілетін қызметтер

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті

Павлодар облысы бойынша КБД

ОҚО бойынша КБД

Қарағанды облысы бойынша КБД

ШҚО әкімінің ресми сайты

 

Валюта бағамы

АҚШ доллары 147.36
Еуро 198.71
Ресей рублі 4.91

 

 

 

 

 

 

 

© 2009 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімі"
 Барлық құқықтары қорғалған.