 |
02.11.09
Шығысқазақстандық кеденшілер облыс аумағына 40 тоннадам астам жоғары радиациялы
керамогранит тауарын кіргізу фактісін әшкереледі.Қауіпті
жүк ШҚО бойынша КБД «Бақты» кеден бекетінде анықталды. Жоғарыда аталған тауарды
тиеген екі автокөлік құралы бекеттен өту кезінде «Янтарь-1А» бөлінетін
радиоактивті материалдарды табу жүйесі іске қосылып, мөлшерден артық радиациялық
фон тіркелді.Автокөліктерді қосымша тексергенде гамма фон 0,41 мкЗв/сағ. құрады,
ал табиғи фон - 0,10-0,12 мкзв/сағ., гамма сәулеленудің баламалы мөлшерінің
қуаты рұқсат етілген деңгейден 4 есе асты.Жалпы салмағы 44560 кг. болатын
керамогранит ҚХР-дан облыстың бір ЖШС-не жеткізілуі тиіс еді.ҚР Кеден шекарасы
арқылы өткізу пункттерінде Бақылаушы органдардың өзара әрекет етуі және әрекетін
үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес осы тауар тиелген автокөліктер Қытайдағы
жүк жөнелтушіге кері қайтарылды.Жыл басынан бері ШҚО бойынша КБД-ның кеден
бекеттерінде анықталған радиациалық фоны жоғары тауарлардың ішінде салмағы
бойынша ең үлкені осы «керамогранит» екенін атап өту керек. Жалпы 2009ж. басынан
бері радиациалық фоны мөлшерден артық тауарлар бойынша 7 факті тіркелді.
28.10.09
ШҚО
бойынша КБД «Бақты» кеден бекетінде «жылу қазандығы» тауарында радиация
мөлшерінің белгіленген нормадан артық екені анықталды.Радиация мөлшерінің
артықтығы ҚХР-дан ҚР-ға өтіп бара жатқан ҚР азаматы «DAF» автокөлігімен
«Янтарь 1-А» радиациалық жүйесінен өту кезінде анықталды. Ол көлікте салмағы
20300 кг., 1 дана «жылу қазандығы » тиелген болатын.Автокөлікті қосымша
тексергенде гамма фон 0,71 мкЗв/сағ. құрады, ал табиғи фон - 0,10-0,12 мкзв/сағ.,
гамма сәулеленудің баламалы мөлшерінің қуаты рұқсат етлген деңгейден 7 есе
асты.ҚР Кеден шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Бақылаушы органдардың өзара
әрекет етуі және әрекетін үйлестіру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес осы тауар
тиелген автокөлік Қытайдағы жүк жөнелтушіге кері қайтарылды.
09.10.09
ж
Шығысқазақстандық кеденшілер жолаушылар пойызынан жалпы салмағы 5 кг. жуық
есірткі зат – героин тапты.Ірі көлемдегі
есірткіні «Железнодорожный» кеден бекетінің және контрабандаға қа
рсы
басқармасының қызметкерлері «Бонго» атты қызметтік іздестіру итінің
көмегімен
«Ауыл» станциясында «Алматы-овосібір» бағытындағы жолаушылар пойызына
кедендік тексеру жүргізу барысында 52-жасар ҚР азаматының жол сөмкесінен тапты.
Тексеру барысында оның қолындағы көк түсті жолаушы сөмкесінің астында арнайы
дайындалған екінші қабатта тығылған 20 полиэтилен пакеттегі ашық
қоңыр түсті
өзіне тән
иісі бар зат табылған.Арнайы сараптаманың арқасында табылған зат –
героин екені анықталды. Оның жалпы салмағы -4
кг. 990 грамм.Осы дерек бойынша
тексеру жүргізу кезінде, 52-жасар ОҚО азаматы аталған пойызға Алматы қаласында
отырғаны белгілі болды. Оның айтуынша, бұл сөмкені «Алматы 1» теміржол
вокзалында оны таныс емес ер адам РФ Бердск қаласына жеткізіп беруді өтінген.
Сөмкені жеткізіп беруідің ақысын сол жақтан күтіп алатын «Сергей» есімді адам
төлеуі тиіс болатын.Сондай-ақ, ШҚО бойынша КБД қызметкерлерімен, осы пойызда
отырған, ҚР ОҚО азаматы, осы табылған заттқа қатысты күдікпен түсірілді. Ол да,
«Алматы-Новосибирск» бағытындағы жолаушылар пойызына Алматы қаласында отырып,
күдіктімен бірге сол вагонда әңгімелесіп келе жатқан. Ол азаматқа
қатысты табылған затқа қатысы бар деген күдікпен тексеру амалдары
жүргізулуде.Осы дерек бойынша, алғашқы материал жиналып, қылмыстық іс қозғау
туралы сұрақ шешілуде.
Аталған қылмыс «Бақылау -9» атты
жедел-бөгеу шаралары барысында ашылды.
1 -
2
-
3
-
4 -
5 -
6
-
7
-
8 -
9
-
10 -
11 -
12
|  |