|
Жаңалықтар
26.08.2010
жылы
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің «Бақты» кеден
бекетінде жануарларға арналған жемшөп қоспасының (метионин) ірі экономикалық
контрабандасы анықталды. Контрабандалық тауардың жалпы құны 14 миллион теңге
шамасында.Аталған факт ШҚО бойынша КБД контрабандаға қарсы күрес жөніндегі
басқарма қызметкерлерінің және аталған бекеттің қызметкерлерімен бірлесіп
жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде анықталды. Жартылай тіркемесі бар
«Iveko» маркалы жүк автокөлігін кедендік тексеріп қарау кезінде жүк кедендік
декларациясында көрсетілген «полистерен» тауарының орнына мүлде басқа тауар
тиелгені анықталды. «POLYSTYRENE» деген жазуы бар 790 мөшектің ішінде «DL
METHIONE» деген жазуы бар, басқа тауар жасырылғаны анықталды.толығырақ>>
13.08.10
жылы
Шығыс Қазақстан облысының кеденшілері ірі көлемдегі героинмен Қырғызстанның
азаматын ұстады.Есірткі затты «Уба» кеден бекетінде ШҚО бойынша КБД
контрабандаға қарсы күрес басқармасының және кеден бекетінің қызметкерлері тапты.
«Уба» кеден бекетінің
автоөткелінде «Ырысты» атты қызметтік іздестіру ітті пайдаланумен Қырғызстан
Республикасының азаматы басқаруындағы «Хундай Старекс» маркалы автокөлікті
тексеру кезінде тюль орамы ішінен скотч лентасымен оралған ақшыл-сарғыш түсті,
өзіндік иісі бар, кесектәріздес заты бар 2 дана полимер пакеттері табылды.
толығырақ>>
27.07.10
жылы
ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінде ҚР ҚМ Кедендік бақылау
комитетінің ішкі порталы арқылы Кеден одағы тақырыбы бойынша «он-лайн» режимде
бейне-семинар өткізілді. Департаменттің жеке құрамы бірінші дәрісті
локальдік желіге, проекторге, күшейткішке және стереогарнитурасы бар
веб-камераға қосылған компьютермен жабдықталған конференц-залда тыңдады.
Дәрісті оқыған – ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің қызметкері.Аталған
семинарлар ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің ұйымдастыруымен алғаш рет
өткізілуде. Он күннің ішінде бұл бейне-семинарларда Кеден одағы және Қазақстан
Республикасы кедендік заңнамасы бойынша мәселелер қаралады. Қазіргі уақытта
бейне-семинарларды өткізудің нұсқаулығы және кестесі әзірленіп, жауапты тұлғалар
белгіленді.Бейне семинарға брокерлер, жеке тұлғалар және сыртқы экономикалық
қызметке қатысушылар қатыса алады. Дәріс аяқталғаннан кейін дәріскер туындаған
сұрақтарға жауап береді.
толығырақ>>
28.06.10
жылы
Сыртқы экономикалық қызметке
қатысушылардың назарына!Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті Кеден одағының кеден
заңнамасының нормаларын, Кеден одағы комиссиясымен қабылданған шешімдерді және
келісімдерді түсіндіру мақсатында «Call Centre» жұмысын ұйымдастырды.Сіздерді
қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша «Call Centre»-ге хабарласуларыңызды
сұраймыз. «Call Centre» жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін
8-(7172)-79-45-09 и 8-(7172)-79-45-22 телефондары бойынша.Сағат 19.00-ден
9.00-ге дейін 8-(7172)-79-45-27 и 8-(7172)-79-46-97 телефондары бойынша.толығырақ>>
21.06.10
жылы Шығыс
Қазақстан облысының кеденшілері ірі көлемдегі героинмен Тәжікстанның екі
азаматын ұстады.Есірткі зат ШҚО бойынша КБД-ның контрабандаға қарсы күрес
басқармасы қызметкерлері «Жекки» атты қызметтік іздестіру итін қолдана отырып
«Ауыл» кеден бекетінде РФ-ның Красноярск қаласына кетіп бара жатқан жолаушы
автобусын кедендік бақылау кезінде табылды. Тәжікстан Республикасының азаматтары,
осы автобустың екі жолаушыларының аяқ киімінің оң және сол ұлтарағының астынан
мөлдір жапсырма таспамен оралған, өзіндік иісі бар, қоңыр-сары түсті зат табылды.
Сондай-ақ олардың біреуінің сөмкесінен ұлтарақтың астында дәл осындай зат
тығылған тағы бір жұп жазғы аяқ киім табылды.
толығырақ>>
Жаңалықтар мұрағаты
|