Басты бетке Жаңалықтар Фотоальбом Сайт картасы Кеден калькуляторы Сенім телефондары Мемлекеттік рәміздер
Басты
КБД - ның құрылымы
КБД - ның бастықтары
Қызмет нәтижесі
Мем.сатып алулар
Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет

Саяси өмір

Сайт бойынша іздеу 

 

 

Сауалдар

Ақпараттық технологиялар
Кеден калькуляторы

Форум

ШҚО кеден органдарының тарихы
Бағалы ақпарат

Байланыстары

(7232) 24 58 60
24 06 05
Өскемен қ., Новаторлар к.,7/2

 

 

 


Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ресми сайты.

 
Саяси өмір
 

Кеденнің бүгіні – тәуелсіздік тұғыры 

Қазақстанның ұлан-ғайыр аумағы көз алдыңызға келсе, оның экономикалық тыныштығын бағып тұрған қазақстандық кеденнен аттап өте алмайсыз. Қазақстан Республикасының кедені Президенттің 1991 жылғы 12 желтоқсандағы «Кеден комитетін құру туралы» Жарлығымен қалыптастырылды.Өткен дәуірдің беттерін сараптай қарасақ, егер мемлекет сыртқы экономикалық дербестік пен тәуелсіздікті нақты қаласа, ең бірінші оның  кедені мықты болуы керек. Елбасының «Кеденді нығайту арқылы біз мемлекетті нығайтамыз» деуінің өзі де осы мақсатты меңзейді, яғни кәмелеттік жасқа жаңа толған бозбала кеденнің болашағы әлі алда. Қазақстандық кеден аталған мақсатты алға ұстап, егеменді еліміздің тәуелсіздігінің бір тұғырына айналуда.Кеден органдары қай саланың болмасын тізгінін тең ұстап, бірдей дамытуда: құқық қорғау, контрабандаға қарсы күрес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен жұмыс, мемлекет бюджетін кедендік салықтар мен төлемдерді өндіріп алу арқылы молайту және т.б.Қазіргі таңда кеден органдарының  алдында тұрған тағы бір міндет – іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңға, қабылданған бағдарламаларға, басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жолында айтарлықтай жұмыстар жүргізілуде.Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 2009 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне және Қазақстан Республикасы кеден органдарының құрылған күніне арналған  «Кеденнің бүгіні – тәуелсіздік тұғыры» атты ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған Мемлекеттіке бағдарламасын» іске асыруда қабылданған Департаменттің бағдарламасына сәйкес өткізілген шараға ШҚО бойынша КБД бастығы, құрылымдық бөлімшелердің бастықтары мен орынбасарлары, жеке құрам қатыстырылды. Бағдарламада Қазақстан кеденінің қалыптасу тарихына, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің даму беттеріне шолу жасалды. Оған ақпараттық технологиялар және кадрлар жұмысы бөлімінің мамандары жұмылдырылды.Ал Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған уақыттан бастап қабылданған заң актілеріне шолуды заң бөлімінің қызметкері А.А.Танюшкина жасады, ол өз баяндамасында қазақ тілінің «мемлекеттік» мәртебесіне толық тоқталып, барлық кеденшілерді мемлекеттік тілді жетік меңгеруге шақырды.Іс-шара барысында «Қазақстанның тәуелсіз дамуының айғағы» айдарымен есте сақталуға тиісті күндерге шолу жасалып, атаулы даталар туралы айтылды.Қазақстандық кеденнің, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бүгіні мен болашағы, мемлекеттік тілдің кеденшілер қызметіндегі орны туралы Департамент бастығының сөзі әрбір кеденшіні қазақ тілінің маңыздылығы мен мәнін терең түсінуге жетеледі.Шараға қатысқан әр кеденшінің көңіліне отансүйгіштік сезім ұялатқан, тәуелсіз Қазақстан кеденінің болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырған іс-шара Мемлекеттік Әнұранмен аяқталды.Кеденнің бүгіні үшін үлкен үлес қосу үшін болашақта да аянбай еңбек етпекпіз.


 

   

Қаз / Рус
Ауа райы

ШҚО 

-12
Астана -7
Алматы +5

Пайдалы сілтемелер

Кеден заңнамасы

СЭҚ қатысушылары үшін ақпарат

Жеке тұлғалар үшін ақпарат

Сыртқы сауда статистикасы

Құқық қорғау қызметі

Кеден ісі саласымен көрсетілетін қызметтер

ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті

Павлодар облысы бойынша КБД

ОҚО бойынша КБД

Қарағанды облысы бойынша КБД

ШҚО әкімінің ресми сайты

 

Валюта бағамы

АҚШ доллары 147.36
Еуро 198.71
Ресей рублі 4.91

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© 2009 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімі"
 Барлық құқықтары қорғалған.