 |
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН КЕДЕН ОРГАНДАРЫНЫҢ
ТАРИХЫ
ШҚО бойынша КБД бастықтарының өмірбаяны
Егер
де мемлекет нақты тәуелсіз және сыртқы экономикалық дербестік алғысы келсе, оның
барлығынан бұрын берік кедені болу керек, бұл – тариха
шындық.«Кеден» сөзі ежелгі
түрік аудармасында шекарадағы кедендік айтыс-тартысты білдіреді. Ұмытылмас
уақыттан бері саудаға байланысты не болса да, барлығына баж, тауарларды
мемлекеттің және қалалардың шартты шекаралары арқылы өткізгені үшін алымдар
алынды. Бірінші кедендік баж Қазақстанның қазіргі аумағында Сақ ханшасы Томирис
патшалық құрған кезде, ал бірінші кеден жинақтары біздің эрамызға дейінгі
бірінші мыңжылдықтағы Ұлы түрік қағанатын бірінші билеп төстеушілер - Бумын
Қаған және Естемі Қаған Заңдарында көрсетілген.Кеден
қызметінің өркендеуі Ұлы Жібек жолы кезеңіне жатады. Олардың негізгі бөлігі
Қазақстан жеріндегі Тараз, Отырар, Түркістан, Испиджаб, Сығанак және басқа
қалалар арқылы жүргізілген. Бұл қалалар кедендік баж жинау орталықтары,
жолдардың аралықтарында тауарлар сақталатын керуен-сарайлар болған (қазіргі
уақытша сақтау қоймалары). Керуен –сарайдың кеден комиссары тауарларды өлшеген
және таңба, сүргі салып отырған.Тауардың иесінің сұрауы бойынша кедендік ілеспе
алып жүруші керуен-басшысы бекітілген, ол тауардың жеткізілуіне және сақталуына
жауап берген. Бұл - қазіргі кедендік ілеспе алып жүруші.Баты хан Шыңғыс ханның
ойын жүзеге асырды және үлкен Алтын Орда империясын құрды. Ол Еділдің (Еділ
өзені) жағасына үлкен Сарай-Бату қаласын тұрғызды. Бұл қала Қазақстан, Ресей,
Батыс Еуропа және Солтүстік Кавказ жерлерін қосатын, кедендік баж жинайтын бас
қала болып тұрды. Сол дәуірден бастап 20-дан астам кедендік және салықтық жазба
белгілер (грамоталар) сақталған. Бұл грамоталарда баждың мөлшері және салық
салынатын тауарлар мен қызметтердің тізбесі бекітілген.Алтын Орда дәуірінен
құқықтың ауысуы кезінде қазақтар кедендік баждар мен басқа да алымдардың 150-ден
астам түрлерін мұра етті. Қазынаның 80 пайыз мөлшері кеден баждары есебінен
келіп түсті. Атап айтқанда, осы кезеңде кеденшілер өте жоғарғы мәртебеге ие
болды.Тарихта Марко Поло орталық Азияның жерінен өтіп бара жатып, сауданың
жоғары даму деңгейіне және саудалық қатынастарға, сонымен бірге орталық-Азиялық
мемлекеттердің аумағындағы әскери және кеден қызметінің даму деңгейіне таң
қалғандығы туралы дерек бар.Тарих кеден қызметінің сол кезеңдегі маңызды рөлін
көрсететін парақтарды сақтады. Мысалы, атақты Куликов ұрысы (1380 ж.) Дмитрий
Донскойдың хан Мамаймен алынатын кеден баждары мөлшерінің шамасына наразылық
нәтижесі болды.XVIII-XIX
ғасырларда Қазақстанда кедендердiњ бар екендiгiн әњгiмелейтiн
мұрағат
құжаттары бар. Сыртқы сауданың өсуімен бiрiншi шекаралық 5 бағытқа жiктелетiн Еуропалық, Азиялық, Кавказ, Кавказдыњ сыртындағы
өлке бойынша және Қытай сауда кедендері жасалынды. Азиялық бағыттарды
қосқанда, Орынбор, Тройцкая, Петропавл, Семей, Бухтарминская (Омбы) кедендері болды.
Оњтүстiкте 1891 жылғы 25 қањтарда Жаркент кеденi (қазіргі "Қорғас" кедені)
құрылды. Сол кезде штат құрамы 17 адам болды және Түркiстан кеден бөлiмiне
бағынды. Шығыста іс жүзiнде бұл уақытта Зайсан кеденi (қазіргі "Майқапшағай" кедені) құрастырылған.1918 жылдың 29 майында халық
комиссарларыныњ Кеңесі "Баж жинау және жергiлiктi кеден мекемелерiнiњ қызметін
реттеу бойынша орталық және жергiлiктi биліктердің құқығын шектеу туралы"
шешімге келгенде, ССРО кеден қызметiн жасау туралы декрет жариялады.20-сыншы
жылдардың басында Республикада екi кеден органы ұйымдастырылды: Жетысуйский (Алматы
және Талдықорған аумағында) және Зайсан (Семей және Шығыс Қазақстан облысында).
Сол кездегі Қазақстан астанасы Қызылордада Қазақ аудандық кедендік инспекторлық
басқармасы құрылды, құрамына Бахты, Қорғас (Алматыдағы бөлiмшесімен ), Күзен
кедендері кірді. Қолжат, Хабарасу, Майқапшағай, Алқабек және Қатонқарағай кеден
бекеттері жұмыс iстей бастады. Оларды тiкелей басқаруды аудандық кеден
инспекторлық басқармалары iске асырды.КСРО аумағында 1925 жылы 11 аудандық
кедендік инспекторлық басқармалар құрылды, 1928 жылы кеден органдарыныњ жүйесiн
айтарлықтай ықшамдаған ССРО Кеден кодексi қабылданды, аудандық кедендік
инспекторлық басқармалардың өкiлеттiктерін және функцияларын қысқартты.1964
жылдыњ 5 мамырында кеден iсiн екi звенолы басқару жүйесi орнатылған КСРО-ның
жања Кеден кодексi бекидi. 1979 жылы Ташкент кеденiнiњ құрамында Алматы кеден
бекеті құрастырылды. Бұл бекет 1982 жылы дербес бөлімше болды және 1983 жылы
Алматы кеденi болып қайта құрылған. Осының базасында 1988 жылы Қазақ
республикалық кеденi ұйымдастырылды.Қазақстанның жања тарихында алғашқы
құжаттардыњ бiрi болып, егемендiктен кейiн мемлекет басшысымен шығарылған 1991
жылдыњ 12 желтоқсанындағы № 539 “Кеден комитетiн құру туралы” Жарлығы болды.
Бұл күн егемендi Қазақстанныњ кеден қызметiнiњ құрылған күнi болып табылады.Ал
Шығыс Қазақстан аумағындағы кеденнің құрылу тарихы мұрағаттық деректерге
сүйенсек, бастауын Бұқтырма қамалынан алады.Оскемен, Семей, Бұқтырма қамалында
сауда – саттықтың дамуында Сібір генерал-губернаторының реформасы басты рөлде
болды.Әкімшілік-саяси қайта құрылым жергілікті халықтың сауда-саттықпен
айналысуына ықпал етті. Қазақтар қызметке тұрып, сауда ұйымдарына жазыла бастады.
Сауда қатынасының дамуы және ірі кеден бекіністерінің көбеюі жалпы Шығыс
Қазақстанның дамуына өз үлесін қосты. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан кедендері
Ресей патшалығының сыртқы саясатында да маңызды рөл атқарды. Атап айтқанда,
Шығыс Қазақстанның кеден бекіністері арқылы Ресей өзінің Қытайман және іргелес
елдермен қарым-қатынасын нығайтуға тырысты. Шығыс Қазақстан қалаларының Қытайға
жақындығы және орыс үкіметінің ұйымдастырушылық шаралары 90-жылдардың басындағы
орыс-қытай қатынастарының дамуына көмектесті, бұл өз кезегінде Шығыс Қазақстан
қалаларының дамуына оң әсерін тигізді. Екі ел арасындағы сауда байланыстарын
кеңейту үшін Томск губерниясы және Семей облысының сырқы шекарасында кедендік
қадағалауды қайта ұйымдастыру қажеттігі туындады. Сонымен, Шығыс Қазақстан
жерінде кеден қызметінің қалыптасуы мен дамуының көзі – шекарада заңды тәртіп
орнатуға тырысқан және контрабандамен күрескен Шығыс Қазақстан жеріндегі алғашқы
кеден бекеттері - Ресей және Қытаймен шектес аудандардың тұрғындары арасында
тұрақты сауда қатынасының қалыптасуына ықпал етті, бұл Шығыс Қазақстан
қалаларының өсуіне оң әсер етіп, шектес мемлекеттер арасындағы мәдени және сауда
қатынастарының нығаюында және достық байланыс орнатуында маңызды рөлге ие болды.
|
|  |