Құрметті әріптестер, СЭҚ қатысушылары!.

Сіздер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ресми web-сайтына қош келдіңіздер! Бұл сайттан Сіз кеден саласында толғандырған кез-келген сұрақтарыңызға нақты жауап алып, басқа да қызықты және пайдалы ақпараттарды табасыз. Біздің сайтта орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып, жаңартылып отырады және де сол ақпаратты қажет ететіндерге әрқашан да көмек болады деген сенімдемін. ШҚО бойынша КБД-ның ресми сайты, сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға жедел және нақты ақпарат алуға еркін мүмкіндік береді, әрі жаңа достар мен іскер серіктестер табуға көмектеседі.Сіздерге көздеген мақсаттарыңызға жетуде сәттілік тілеймін! 

Құрметпен, Малғаждаров Алтай Байкенұлы, ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы, кеден қызметінің полковнигі


 

 

 

Қытай контрабандасы

Печать PDF

Қытай контрабандасы Қазақ-қытай шекарасында тағы бір ірі көлемдегі контрабанданың жолы кесілді. ШҚО бойынша КБД «Майқапшағай» кеден бекетінде Ресей Федерациясының азаматы «ФОТОN» маркалы жаңа жүк көлігін декларациялау арқылы жасырын түрде халық тұтынатын тауарлар түрінің бірнеше түрін аталмыш көлік құралымен алып өтпек болған. Кеден бекетінің қызметкерлері Контрабандаға қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп қарау барысында декларацияланбаған тауарлар ішінде балалар киімі, жасөспірім және әйелдер киімінің 18 түрін, сондай-ақ жиһаздың 3 түрін анықтады. ШҚО бойынша Кедендік кірістер басқармасының есебі бойынша ресімделмеген тауарлардың кедендік құны 5 222 226,97 теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар сомасы 2 014 924, 27 теңгені құрады. Осы факті бойынша ҚР ҚК 209-бабы, 1-бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері, яғни Кеден одағы кедендiк шекарасы арқылы ірі көлемде тауарларды ресімдемей заңсыз алып өту бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Көктемгі кросс2012

Печать PDF

Көктемгі кросс Өскемен қаласының «Алтай» стадионында Шығыс Қазақстан облысы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында жеңіл атлетика бойынша біріншілік болып өтті. Аталмыш спорттық шара Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары құрылуына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Әйелдер арасындағы жүгіру қашықтығы 1,2 км., ерлер арасында 2,4 км. құрады. Межелі кросқа ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаменті, ШҚО бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті, ШҚО бойынша Қылмыстық түзету жүйесі департаменті, №3477 әскери бөлімі, №6638 әскери бөлімдері командалары қатысты. Жыл сайын ұйымдастырылатын аталмыш спорттық жарысқа қатысушылар саны мен сапасы артып келе жатқандығын атап өткен жөн. ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінен бұл жарысқа 5 қызметкер қатысты. Кросс нәтижесі бойынша «Лениногор» кеден бекетінің маманы Мария Кузьмина әйелдер арасындағы жүгірісте 2-орынды иеленіп, грамота және бағалы сыйлықпен марапатталды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы» 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына сәйкес, биыл еліміздің барлық құқық қорғау органдары кезектен тыс аттестациядан өтеді. ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің құқық қорғаудағы қызметкерлері республика, облыс көлеміндегі спорттық жарыстарға белсенді қатысып, дене шынықтыру бойынша тапсырылатын сынақтарға дайындығын жүргізуде.

 

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне мың тағзым!

Печать PDF

souzШығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінде 9 мамыр – Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті. Департамент бастығы Малғаждаров А.Б. жеке құрамды тарихи мерекемен құттықтады: «Бүгін Ұлы Жеңіс мерекесі қарсаңында ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің ұжымы ардагерлерді мерекелерімен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді!Біз бейбітшілік пен еркіндік жолында қан майданда ерліктің биік шоқтығын көрсеткен әкелеріміз бен аталарымыздың алдында мәңгі қарыздармыз және оларға тағзым етеміз. Тылда жанкешті еңбек етіп, жеңіс күнін жақындатқан аналарымыз бен балаларын зор құрметпен еске аламыз. Кеңес Одағының барлық халықтары фашизмге қарсы қайтпас қайсарлықпен күресе білді және жеңді. Еркіндігін қорғай алатын халық қана оған лайықты». Департамент ұжымы ардагерлерге материалдық көмек көрсетті. Сонымен қатар, мереке қарсаңында бірқатар Департамент қызметкерлеріне алғыс хаттары табысталып, Ауған соғысына қатысқан қызметкерлерге сыйақы берілді. Ұлы Отан соғысындағы Қазақстанның үлесі ұшан теңіз. Фашистерге атылған он оқтың тоғызы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Қазақстанда 20 дивизия жасақталып, оның бесеуі гвардиялық дәрежеге жетті. Соғыс жылдарында 1 миллион кеңес азаматы Қазақстан жеріне көшірілді. Кеңес Одағының осы зұлмат соғыста 30 миллион жанның өмірі қиылды. Сондықтан, біз бүгінгі ұрпақ көзі тірі ардагерлерімізді құрмет тұтып, опат болғандарды әрдайым жадымызда сақтаймыз.

 

Наурыз 2012

Печать PDF

Наурыз 2012 Ел еңсесін биіктеп, тәуелсіздік тұғырын бағындырғалы бері төл мерекелеріміз өз нақышымен аталып өтілуде. Осы игі дәстүрге орай, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері «Ұлыстың ұлы күні – Наурызды» мерекеледі. Шығыс кеденшілері шуақты көктем мерекесін Өскемен қаласының Комсомол аралында өткізді. Департамент бастығы – А.Б.Малғаждаров кеден қызметкерлері және мереке қонақтарын құттықтап, игі тілегін арнады. Мерекелік бағдарламаға сай, шара барысында бірқатар спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Департаменттің құрылымдық бөлімшелері қызметкерлерінен жасақталған 4 команда арасында шағын футболдан біріншілік өткізілді. Сондай-ақ, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту спорт түрлері бойынша мықтылар өз бақтарын сынады. Отбасылық «Әке, ана және мен» спорттық ойыны да көпшілік көңілінен шықты. Аталмыш жарыста ШҚО бойынша КБҰБ маманы А. Манжуевтың отбасылық тобы жеңіске жетті. Барлық спорттық жарыстар бойынша жеңімпаздар анықталып, лайықты мараппаттарға ие болды. Мерекелік шараға Департаменттің кеден бекеттері, бөлім қызметкерлері белсене қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Әуезді ән, күмбірлі күй, мың бұралған би сахна сәнін келтірді. Ел бірлігін нығайтып, халықтар арасындағы татулық тамырының тереңдеуінде темірқазық іспеттес төл мерекелеріміз әр кеденші үшін өшпес тарихи тағылым екендігі анық.

 


Страница 1 из 17

ШҚО бойынша КБД бастығының виртуалды қабылдауы

Сайттан іздеу

Сұрақ-жауап

Сіз ШҚО бойынша КБД ақпараттық-консультативтік пункттеріне қаншалықты жиі жүгінесіз?
 

Байланыстары

8 (7232) 24 58 60
24 06 05
Өскемен қ., Новаторлар к.,7/2

Валюта бағамы

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан


Қазақстан Республикасы мемлекеттік сатып алу

Ауа райы

Жаңалықтар

Мемлекет басшысының «Салауатты Қазақстан - 2020» жолдауына байланысты, салауатты өмір салтын үгіттеу, сондай-ақ, спорттың барлық түрлерін дамыту мақсатында, 2012 жылғы 18 ақпанда Комсомол аралында Өскемен қаласының әкімшілігімен бірігіп «Лыжня зовёт 2012» жаттығатын көпшілік шаңғы жүгірісі өтті. ШҚО бойынша Кедендік бақылау департаментінің жеке құрамына қабылданған 15 жас мамандар осы спорттық шараға белсенді қатысты.


© 2010 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің ақпараттық технологиялар бөлімі". Барлық құқықтары қорғалған.